Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл турнирге биыл 12 елден 60 палуан бақ сынады.
Турнирдің алғашқы айналымында Қазақстан құрамасы Қытай балуандарын 5:0 есебімен ұтты. Екінші айналымда Тәжікстан құрамасын еш қиындықсыз жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалдық бәсекеде Грузия балуандарын 4:1 есебімен ұтып, финалға шықты.
Финалда балуандарымыз Моңғолиядан келген қарсыластарынан 4:1 есебімен ұтылып қалды.
"Eurasia Barysy" халықаралық турнирінің жалпы қорытындысы мен жүлдегерлері төмендегідей:
І орын – Моңғолия (50 мың АҚШ доллары);
ІІ орын – Қазақстан (20 мың АҚШ доллары);
ІІІ орын – Грузия (10 мың АҚШ доллары);
ІV орын – Тәжікстан (6 мың АҚШ доллары);
V орын – Әзірбайжан (5 мың АҚШ доллары);)
VІ орын – Қырғызстан (4 мың АҚШ доллары);
VІІ орын – Украина (3 мың АҚШ доллары);
VІІІ орын – Түркия (2 мың АҚШ доллары);
"Өткен жылы да "Eurasia Barysy" турнирінде Қазақстан мен Моңғолия балуандары жолығып, финалда қазақ балуандары жеңіске жеткен еді. Өмір алма-кезек. Бұл жолы Моңғолия балуандары үлкен дайындықпен келіп, "Eurasia Barysy" деген мәртебелі атаққа қол жеткізді. Финалда 4:1 есебімен жеңіске жетті. Моңғол балуандарын шын жүректен құттықтаймыз! " - деп жазылған фейсбуктегі "Қазақстан барысы" парақшасында.