Ұйымдастыру комитетінің ақпарына қарағанда, әділқазылар құрамына жапон актері, сценарист әрі режиссер Йоичи Сай, француз режиссері Жиль Маршан, РФ Халық әртісі Владимир Хотиненко кірді.
VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 19-24-қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Фестивальді Мәдениет министрлігі, «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақстанның Кинематографистер одағы ұйымдастырады.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі кинофестивальдің ақпараттық серіктесі болып табылады.