Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының ғимараты жанындағы пикетке қатысушылар заң бұзғаны үшін қамауға алынды

Алматы қаласы Медеу аудандық прокурорының орынбасары Гүлнар Ахмедиеваның айтуынша, шараға қатысушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 373 бабы, 1-тармағының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу ережелері туралы заңды бұзу жөніндегі көрсеткішін бұзған. Шараға қатысушы басқа адамдар оқиға орнынан кетіп қалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 10-желтоқсанда Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының Алматыдағы ғимаратының жанында өздерінің айтуынша "олигархтардың әрекетінен зардап шеккен" кәсіпорындардың жұмысшылары наразылық акциясын өткізді. Оған республианың бес облысынан өкілдер қатысты. Наразылық шарасына қатысушылар басты мақсатымыз - өз тауқыметтерімізге қоғам назарын аудару, Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының жетекшісі Александр Машкевичпен кездесіп, оған кәсіпорындардағы ахуал туралы мәлімдемені табыс ету болып табылады дейді.