Гранттар Батыс және Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы қоғамдық бірлестіктерге берілмекші.
Батыс Қазақстан облысындағы екі қоғамдық ұйымға шағын және орта бизнесті, ауылдағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы гранттар берілмек.
Батыс Қазақстан облыстық фермерлерге қолдау көрсету қоры осы өңірдегі көгілдір отын өндіруші кәсіпорындардың кері әсерін тартып отырған аудандардың экономикалық дамуына түрткі болуға арналған грант алмақшы.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық фермерлерге қолдау көрсету қоры да осындай грантқа ие болмақ. Бөлінген қаржыға ұйымның жанынан тұрақты жұмыс істейтін консалтинг орталығы ашылып, қор мамандарына арналған тренингтер ұйымдастырылмақшы.
Жас экологтардың "Жас табиғат қорғаушылар" қоғамы Алматы облысындағы бір ауданда тұратын жұмыссыз ауыл жастарын жеке кәсіпкерлікке тартуға бағытталған жобаны жүзеге асыруға қаржы алады.
Жалпы Еуразия қоры 1993-жылдан бері Орталық Азия аймағына азаматтық қоғам саласындағы жергілікті бастамаларды, жеке кәсіпкерлікті , мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару салаларын дамытуға 23 млн. доллардай қаржы бөлді.