«Еуразия» - FIAPF (Халықаралық кинопродюссерлер қауымдастықтарының федерациясы - ҚазТАГ) регламентіне сәйкес жұмыс істейтін және әлемдік кинофестивальдер каталогына кіретін Қазақстандағы жалғыз кинофестиваль. «Еуразияны» өз картиналарын ұсынатын режиссерлар мен продюсерлер ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық кинофестивальді үздік фильмдерді ілгерілетудің кәсіби алаңы ретінде көретін дистрибьюторлар мен прокатшылар да жоғары бағалайды», - делінген ақпаратта.
2011 жылы фестивальдің конкурстық бағдарламасына маңызды өзгерту енгізілді, онда соңғы уақытта Орталық Азия елдерінің фильмдері бәсекеге түсетін. Биыл «Еуразия» үлкен халықаралық конкурсқа оралуды шешті, енді онда Еуропа, Азия, ТМД елдерінің жаңа картиналары ұсынылады. Фестивальдің басты сыйлықтары: үздік фильм үшін гран-при (продюсері марапатталады), режиссура үшін сыйлық, үздік актер мен үздік актрисаға сыйлық.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, «Еуразия-2011» фестивалінің халықаралық қазылар алқасын оңтүстіккореялық режиссер Ким Ки-дук басқарады. Сондай-ақ, оның құрамында белгілі жапониялық режиссер Йоичи Сай (2007 жылы оның «Қан мен сүйек» фильмі «Еуразия» конкурсына қатысты), Ресейдің халық әртісі Владимир Хотиненко, белгілі француз актеры, режиссер және композитор Жиль Маршан (оның «Қара тозақ» картинасы биыл «Виртуалды Батыс» конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіледі) бар.
«Еуразии-2011» жұмысы барысында бірнеше дөңгелек үстел отырыстарын өткізу жоспарланған. Былтырғыдай кинофестивальдің фестиваль орталығы көпфункционалды Almaty Towers орталығында орналастырылды, онда бес кинозал жұмыс істейді.
Фестивальдің ұйымдастырушылары – ҚР мәдениет министрлігі, Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясы, ҚР кинематографистер одағы және «Еуразия» ХКФ дирекциясы.