Еуразиялық банктің Теміртаудағы филиалының қызметкері $108 мың доллар ұрлады деген күдік бар

"Бұл қызметкерлер өздерінің қызмет бабын пайдалану арқылы $108 мың көлемінде қаржыны жымқырып, банкке ауқымды шығын келтірді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 3-тармағының "б" тармақшасына сәйкес (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін аса ірі көлемде қызмет бабын пайдалану арқылы иемденіп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.