Еуразиялық экономикалық интеграция "Ресей-Еуроодақ" саммитінде қаралады

Бұл туралы Брюссельде Ресей Федерациясының Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов журналистерге мәлім етті.

Оның айтуынша, 18 жыл бойы Ресейдің ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер сылбыр жүргізіліп келді, сондай-ақ 2008 жылдан бастап ЕО мен РФ арасындағы жаңа базалық жаңа келісімдер жасау жөніндегі келіссөздер де баяу жүргізіліп келе жатқанда параллель тректе еуразиялық ықпалдастық мәселесі серпіліп алға шықты.

"Соның нәтижесінде Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік мүшелері ұлтүстілік деңгей - Еуразиялық экономикалық комиссияға тұтастай бірқатар өкілеттіліктер беріп қойды", - деді В.Чижов.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, үш мемлекет - Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің басшыларының қатысуымен Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында басқа да мәселелермен қатар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің Ресей мен Қазақстанның Еуроодақпен базалық келісімдер жасауы бойынша келіссөздер жүргізгенде бірыңғай ұстанымда болуы талқыланды.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан да Еуроодақпен жаңа базалық келісім бойынша келіссөздер жүргізуде, ол 1999 жылы күшіне енген ЕО мен ҚР арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік туралы қазіргі келісімнің орнын басуы тиіс.

РФ президенті Владимир Путин, ЕО Кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей және Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу қатысатын алдағы саммит барысында бірқатар мәселелер қаралуы көзделуде. Атап айтқанда, РФ мен ЕО-ның ДСҰ ауқымындағы қатынастары, визасыз режимге көшу туралы диалог барысы, жаңа базалық келісім бойынша келіссөздер үдерісі, энергетикалық ынтымақтастық, "Жаңарту үшін әріптестік" бағдарламасын жүзеге асыру, жаһандық қаржы-экономикалық жағдай, сондай-ақ Сириядағы жағдайды, ирандық ядролық бағдарламаны және таяушығыстық реттеуді қоса алғанда халықаралық проблемлар мәселелері талқыланбақ. Алайда саммитте қандай-да бір құжаттарға қол қою жоспарланбаған.