Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта қолданылмайды

«Мұндай әңгімелердің қайдан шығатынын білмеймін. Біз ортақ валюта енгізу мәселесін мүлдем талқылаған жоқпыз. Ол туралы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарт жобасында да айтылмаған», - деді ол сейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

«Яғни, бізде ешқандай ортақ валюта болмайды. Теңге (ұлттық валюта болып – «ИФ-Қ») қалады», - деп сендірді Б.Сағынтаев.