Еуразиялық МедиаФорумға қатысушылар "Ядролық бағдарлама дербестік құқығы немесе қатерлі менмендік", "Құбыр саясатының ерекшелігі", "Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі - "иә" және "қарсы", "Орталық Азиядағы Еуропалық одақтың саясаты" тақырыптарында екінші күн пікір таластыруда.
Талқылауларға Қазақстан Республикасының парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Америка кәсіпкерлік институтының ғылыми қызметкері Ричард Перл және басқалар қатысады.
Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы медиафорумға әлемнің 50 елінен 600-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Турікменстан, Грузия, Германия, Франция, Әзербайжан елдерінің саясаткерлері мен жетекші БАҚ-тарының өкілдері қатысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті