Еуразиялық медиафорумның айналасында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған беделді саясаткерлер, журналистер мен сарапшылар тобы жасақталды - Назарбаева

"Еуразиялық медиафорумның айналасында әлемнің түкпір-түкпірінен беделді саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың тұрақты үлкен тобы жасақталды, олар бір жағынан қазіргі әлемнің дамуы мен бұқаралық ақпарат құралдарының ондағы роліне қатысты біздің көзқарастарымызды қолдаса, екінші жағынан Қазақстанның шынайы адал досына айналды", -деді Д. Назарбаева.

"VII Еуразиялық медиафорумның назары халықаралық өмірдегі басты оқиғалар мен олардың әлемдік БАҚ-тарда бейнеленуіне аударылады. Өкінішке орай, әлемде тыныштық орнамай отыр. Бір күштің бір орталықтан үстемдік құруы идеясы өзінің тіршілік ету қабілеті жоқтығын паш етті. Біз саяси,экономикалық және мәдени күштердің жаңа орталықтары қалай құрылып жатқарына куәгер болып отырмыз", - деді Д. Назарбаева.

Форумды ұйымдастыру комитеті төрайымының пікірінше, бұл "халықаралық қарым-қатынастардың жаңа архитектурасы қалыптаса бастауының бастамасы, оның басты ерекшелігі - принциптік көп орталықтылық. Бұл бәріне бірдей ұнап отырған жоқ, сол себепті де бұқаралық ақпарат құралдары жаңа "қырғиқабақ соғыс" шығу мүмкіндігі жайлы шулап қоя берді".

"Әзірге бұл - эвфемизм, бірақ ағым айқын әрі ол алаңдатарлық", - деген пікірде Д. Назарбаева.