Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі сағаттық конференция барысында Д. Назарбаева Еуразиялық медиафорумды өткізуге қатысты сауалдарға жауап беріп, алдағы форумда талқыланатын өзекті тақырыптар, оған қатысатын танымал тұлғалар жайлы сөз қозғайды.
"Техникалық себептерге байланысты конференцияға тек тіркелген тұтынушылар ғана қатыса алады. Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитеті төрайымына сауал қою үшін конференция басталғанға дейін сайтта тіркелу керек", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Алматыда сәуірдің 24 мен 25 күндері өтетін дәстүрлі Еуразиялық медиафорумды өткізудегі мақсат - саясаткерлердің, журналистер мен сарапшылардың өңірдегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңаша көзқарастарды іздеуде қазіргі дамудың өзекті проблемалары мен оған БАҚ-тың әсері жөнінде еркін әрі ашық диалог өрбітуге септігін тигізуге саяды.