Еуразиялық одақ елдері жаңа кеден кодексін талқылайды


Саркисянның айтуынша, тараптардың 2-3 мәселені ғана келісуі қалды, сосын жаңа Кедендік кодекс астанаға Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына келетін Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения үкіметтері басшыларының қарауына енгізілуі мүмкін.

Бұрын хабарланғандай, ЕАЭО үкіметтерінің басшылары Минскідегі саммитте жаңа КК жобасын қарастырып, құжатты пысықтауды тапсырған. Жаңа кодекс 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін. Жаңа кодексті әзірлеушілердің пікірінше, ол сыртқы экономикалық қызметтің тетіктерін айтарлықтай жақсартады.