Ал Минскіге келген Нұрсұлтан Назарбаев отырыс басталмас бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізіп, талқылануы тиіс мәселерді бір пысықтап алды. Себебі шешілмеген түйкілдер әлі де бар. Бүгін сол келіспеушіліктерге президенттер соңғы нүкте қоюуы тиіс. Ал мамыр айының соңында 800 беттен асатын құжатқа Астанада қол қойылады деп күтілуде. Ал Назарбаев пен Лукашенко өзара қарым-қатынасқа, алыс беріске көңілдерінің толатынын мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Екі елдің арасындағы дамуды жаңа белеске көтеруге дайынбыз. Экономика, ауыл шауашылығы, білім мен басқа салалар бойынша әріптестік қатынас жақсы дамып келеді. Сондықтан Қазақстан мен Беларусь арасындағы достық қатынасқа көңілім толады.