Еуразиялық рейтинг агенттігі сайлау күні exit-pool өткізеді

"Зерттеулер президенттіктен үміткерлерге тәуелсіз жүргізіледі және ол сайлау барысының ашықтығын қамтамасыз етуге түрткі болмақ",- деді Ю.Черкасов.

Ю.Черкасовтың айтуынша, "сауалнама барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Семей қалаларында өткізіледі. Зерттеу аясында сайлау учаскелерінен шыға берісте бір күн ішінде 12 мыңдай сайлаушыны сауалнамаға тарту көзделіп отыр".
"Еxit-pool 6 уақыт интервалы аясында өткізіледі. Сауалнаманың алғашқы қорытындылары таңертеңгі сағат 9-да белгілі болады. Одан кейін 11, 14, 16 және 18 сағатта мәліметтер толықтырылады",- деді ол.
Ю.Черкасовтың айтуынша, "зерттеу қорытындысына қатысты барлық мәліметтер 5-желтоқсанда түн ортасында жария етіледі".