Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Бурабайда өтеді

ЕҮК отырысына Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстанның үкімет басшылары қатысты.

Сонымен қатар, ЕҮК отырысының қорытындысы бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттер үкімет басшылары бірқатар жобалар бойынша бірлескен құжаттарға қол қойды.

Атап айтқанда, премьерлер білдек жасау бойынша еуразиялық инжиниринг орталығын құру тұжырымдамасын әзірлеу, ЕАЭО аумағында таңбалауды енгізудің пилоттық жобасын қаржыландыруды бекітті. Бұдан басқа Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы хаттамаларды бекіту туралы құжатқа қол қойылды.

Еске салсақ, 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойған.


2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО органдарының бірі ретінде мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес шартының және шешімдерінің іске асырылуы мен орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.