«Еуро-2012» чемпионаты күнінің кезекті қорытындысы: Испания мен Италия ширек финалға шықты

Испания мен Италияның құрама командалары футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына өтіп, «С» тобында алғашқы екі орынды еншіледі.

Үшінші тур ойынының алдында тек Ирландияның құрама командасы ғана плей-оффқа жолдама алу мүмкіндігінен айырылған болатын. Қалған 3 команда тобтық кезеңдегі соңғы матчтарда ширек финалға қай командалардың шығуын айқындауы тиіс еді.

Ойын екі матчтың басында баяу өтті, әр команда допты қадағалай отырып, көбінесе қорғанысқа бой алдырды. Ойын тек 10-ші минуттарда қыза бастады. Қақпаға доп кіргізудің бірнеше оңтайлы сәттері болды. Тек бірінші таймның ортасында ғана гол соғылды.

«С» тобындағы қорытынды турда итальян құрама командасының ойыншысы Антонио Кассано бірінші голдың авторы атанды. Ол бұрыштан пас берген Андреа Пирлоның бағыттаған добын қақпаға дәл кіргізді.

Осы уақытта Хорватияның құрама командасы ширақ ойнай бастады, дегенмен испандықтардың қақпасына гол кіргізу мүмкіндігі болғанымен еш нәтиже шыға қоймады. Испандықтардың қақпашысы бірнеше рет қауіпті сәттерден құтқарып қалды. Ал Испанияның құрама командасы өз кезегінде қарсыластарының алапат шабуылдарын тойтара отырып, соңғы минуттарда гол соқты.

Бұл ойынның 88-ші минутында болды, хорватиялық футболшылардың қателігін ұтымды пайдалана білген екі испандық ойыншы суырылып шығып, Стипе Плетикосойдың қақпасын қақыратты. Гол авторы - Хесус Навас.

Қатар өтіп жатқан матчта Италия құрама командасы ойынның ортасында еш нәтиже көрсете алмағанымен, соңғы минуттарда есепті 2:1-ге жеткізді. Екінші голды 90 минутта Марио Балотелли соқты.

Осылайша Испанияның құрама командасы Хорватияны 1:0 есебімен жеңіп, «С» тобында бірінші орынға ие болды. Итальяндықтар Ирландиямен болған ойында 2:0 есебімен ұтып, екінші орынды еншіледі. Үшінші орын алған Хорватияның құрама командасы жарыс жолынан шығып қалды.