Англия мен Францияның құрама командалары «Еуро-2012» чемпионатының ширек финалына шыққан соңғы үміткерлер болды, француздардың жеңіліс тапқанына қарамастан «D» тобында олар алғашқы екі орынды еншіледі.
Кездесудің бірінші минуттарында допқа украиндықтар иелік етті, ағылшындар матчтың басында баяу ойнады. Осы уақытта қатарласа өтіп жатқан матч та солғындау болды.
Таймның ортасында шебер ойнаған У. Руни гол соғудың аз-ақ алдында тұрды. Ол кейбір сәттерде қателікке бой алдырып, қақпаға допты дәл бағыттай алмады. Бірнеше минуттардан кейін украиндықтардың есепті ашу мүмкіндігі болғанымен, Андрей Ярмоленко Джо Харттың алдын орап кетті. Екі матчтың де бірінші таймдары 0:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймның ортасында ағылшындар Андрей Пятовтың қақпасын «жаулап» алды. 48-ші минутта Руни басымен допты қақпаға дәл кіргізді. Ойынның 54-ші минутында Швеция мен Францияның да есептері өзгерді. Златан Ибрагимович француз құрама командасаның қақпасына гол соқты.
62-ші минутта украиндықтар есепті теңестіруге мүмкіндік алғанымен, еш нәтиже болмады. Ойынның қорытындысында есеп өзгермеді. Ал шведтер француздардан басып озып, екінші гол соқты. Голдың авторы -Себастьян Ларсон.
Осылайша, Англия 7 ұпай, Франция - 4, Украина - 3, Швеция 3 ұпай жинады.
Сонымен Еуро-2012 чемпионатының ширек финалына қатысатын барлық командалар белгілі болды.