Еуро-2012: Қазақстан футбол құрамасы Австриямен тең ойнады

Бұның алдында Брюссельде өткен кездесуге қарағанда, Қазақстанның футбол құрамасы бұл жолғы матчта алғашқы минуттардан-ақ әлдеқайда ширақ көрінді. Қарсыластар қақпасына жиі лап қойып, қорғаушыларды әбден састырды. Австриялық аяқдопшылар да қарап қалған жоқ. Олар өз кезегінде қарсы шабуылдарға шығып отырды. Дегенмен Даг, Алаба және Арнаутович сынды алдыңғы шептегі футболшыларға дәлдік жетіспей жатты. Қақпашы Сидельников те ерекше шеберлікпен көзге түсіп, жергілікті жанкүйерлердің жігеріне құм құйылуға жол бермеді.

Қазақстандықтардың тарапынан Шмидтгаль, Остапенко мен Гридин белсенділік танытып, қарсыластардың қақпашысын жиі мазалап отырды. Әсіресе екінші таймда Гридинге бірнеше жақсы мүмкіндіктер туды, алайда Сергей олардың барлығында да мүлт кетті.

Ойын барысында Австрия құрамасының қақпасына бірде-бір допты тулата алмаса да, қазақстандық ойыншылар кездесу соңына дейін австриялықтарға тегеурінді қарсылық көрсеткендігін атап өтуге болады.