Бұл чех маманы Мирослав Беранек тізгінін ұстағаннан кейінгі біздің команданың «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы, ал жалпылама алғанда бесінші ойыны болды. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, неміс футболшылары матчтың бірінші таймында жерлестеріміздің қақпасына жауапсыз үш доп, ал екінші кезеңде бір доп соқты. Голдың авторлары - Клозе (3-ші минут, 88-ші минут) мен Мюллер (25-ші минут, 43-ші минут).
Осылайша, Қазақстан құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында қатарынан бес матчта жеңіліп қалды. Тиісінші бірде-бір ұпайсыз «А» тобында соңғы орында келеді. Бұған дейін біздің команда өз алаңында Түркияға 0:3, Бельгияға 0:2, Германияға 0:3 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Австриядан 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Айта кетейік, "Еуро-2012" чемпионатының іріктеу турнирі аясында біздің команда Германия, Түркия Австрия , Бельгия және Әзірбайжан құрамаларымен бірге «А» тобында ойнауда.
Біздің команда келесі матчын 3 маусым күні өз алаңында Әзірбайжан құрамасымен өткізеді.