Онда «D» тобындағы бірінші турдың матчында Франция мен Англия, сондай-ақ Украина мен Швецияның құрама командалары ойнады.
Бірінші ойын «Донбасс Арена» стадионында өтті, онда Франция мен Англия 1:1 есебімен тең ойнады.
Матчтың бірінші 15 минуты байыпты жағдайда өтті, дегенмен, ағылшындықтардың белсенділігімен есте қалды. 16-ншы минутта Джеймс Милнер мен Юго Льорис бірге-бір қалған сәтте Англияның құрама командасында гол соғуға мүмкіндіктері болды. Алайда, ол голкиперді айналып өткенімен, бос қақпаға допты кіргізе алмады.
Дегенмен, ойынның 30-ыншы минутында Англия есепті ашты. Стивен Джеррардтың айып алаңына берген добын қабылдаған ағылшындардың қорғаушысы Джон Лескотт допты француздардың қақпасына енгізді.
6 минуттан кейін Алу Диарра қарсылас команданың жағынан, айып алаңынан соққан допты Джо Харт болдырмады және Диарраның қайта жасаған соққысы да нақты болмады.
Дегенмен, ойынның 39-ыншы минутында француздар есепті теңестірді. Патрис Эвра мен Франк Риберидің қатысуымен жасалған комбинациядан кейін доп жартылай қорғаушы Самир Насридің еншісіне тиіп, ол қарсыластардың қақпасына, Дж.Хартқа гол соқты.
Екінші таймның екінші жартысы тыныштық жағдайда өтті, командалар байыптылық танытып, шабуыл жасауға ұмтылмады, соның нәтижесінде ойын алаңның ортасында тоқтап қалды. Матчта қарсыластар қауіпті шабуылдармен алмасқанымен еш нәтиже болмады.
Екінші ойын Киевтің «НСК Олимпийский» алаңында өтті, онда чемпионаттың иелері - Украинаның құрама командасы Швецияны 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші тайм гол соғудың көптеген сәттерімен өтті. Дегенмен, доп қақпаға кірмеді. Жалпы алғанда тең бәсекелестік күрес болды, ойын негізінен алаңнын ортасында өтті.
Екінші таймда көрермендер «футболдың жұлдыздары» Златан Ибрагимович пен Андрей Шевченконың шебер ойынына, қақпаға соғылған голына көзайым болды. Шведтер бірінші болып көзге түсті. 52-нші минутта Ким Челльстрем допты қабылдап алып, қақпаның жанынан соқты, бұл сәтті ұтымды пайдаланған З.Ибрагимович допты аяғымен ойнақтата отырып, Андрей Пятовтың қақпасына бағыттады.
Украиналықтар небәрі 3 минуттың ішінде есепті теңестірді. 55-інші минутта оң жақ флангтан Андрей Ермоленко доп соғып, украиналық форвард Андрей Шевченкоға бағыттады, ол өз кезегінде доп басымен шведтердің қақпасына кіргізді.
Осыдан кейін ойын қарымды шабуылдармен есте қалды. Ойынның соңында турнирдің иелері 3 ұпаймен жеңіске қол жеткізді.
Бүгін «А» тобының екінші матчтары өтеді. Вроцлавта Греция мен Чехия құрама командалары ойнайды. Чемпионат Варшавада жалғасын табады, ол жерде Польша мен Ресейдің командалары бақ сынаспақ.
ҚазАқпарат футболдан өтіп жатқан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының күн сайынғы қорытындыларымен ақпараттандыруды жалғастырады.