Еуро-2012-нің он финалисі анықталды

Олар: өз топтарында бірінші орын алған Ресей, Германия, Италия, Франция, Нидерланды, Грекия, Англия, Дания мен Испания, сонымен қатар екінші орын алған командалар ішінде бәрінен көп ұпай жинаған Швеция.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, сейсенбі күні барлығы 22 кездесу өтті.

Еуро-2012 қорытынды бөлімінде сондай-ақ турнирдің иесі болып табылатындықтан іріктеу турниріне қатыспаған Украина мен Польша ойнайды.

Тағы төрт финалист тоғыспа матчтарда бақ сынасатын Түркия, Ирландия, Эстония, Босния және Герцеговиня, Хорватия, Черногория, Португалия мен Чехия командалары арасында анықталады. Қараша айына белгіленген бұл кездесулердің жеребесі 13 қазанда тасталады.

Еуро-2012 финалының жеребе тастау рәсімі 2 желтоқсанда Киевте өтеді.