«Аламан» спорт агенттігінің ақпараттарына қарағанда, бұл туралы чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің басшысы Жак Ламбер мәлім еткен.
«Ницца қаласы жеребе тарту рәсімін өткізуге қолайлы. Мұнда қонақ үй, транспорт жеткілікті», - деді Ламбер.
Ал Euro-2016 додасының финалдық жеребесі 2015 жылы Париж төрінде өтеді. Чемпионаттың ашылуы маусымның онына, ал шешуші ойыны 2016 жылдың 10 шілдесіне жоспарланған. Финал «Стан де Франс» стадионында өтуі мүмкін.