Еуро-2016: Францияда футбол жанкүйерлеріне көз жасаурататын газ қолданылды

Франция мен Германия арасындағы матчтан соң француз астанасының көшелеріне шыққан жастар полицияға фейерверк, шөлмек, тас лақтырған. Осыдан соң құқыққорғаушылар оларға қарсы жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды

Полицияға наразы футбол фанаттарынан құралған тобыр «Біз өз үйіміздеміз!» деп айқайлаумен болған.

Францс Пресстің мәлімдеуінше, жастар полициямен Елесей алаңында қақтығысқан. Құқыққорғаушылар есірген жастарды туристер жүретін орындарға қарай жібермеу үшін жолды өз автомобильдерімен жауып тастады.

Бұзақылар бірнеше қоқыс жәшігін өртеген. Полиция қақтығысқа қатысқандарға айып тағылатынын айтып отыр.

Айта кетейік, бейсенбі күні Франция құрамасы Германияны 2:0 есебімен ұтып, футболдан Еуропа чемпионатының финалына өткен еді