«Еурохим» компаниясы «Көк жон» фосфорит кен орнында бұрғылау-жару жұмыстарын бастады


«Еурохим» Минералды тыңайтқыш компаниясының Қазақстандағы жобасы екі сатыдан тұрады. Олар - тау-кен және химиялық кешендердің құрылысы. Әлемдегі ең ірі минералды тыңайтқыштар өндірушілердің бірі саналатын олар бірінші сатыда тау-кен кешені құрылысына ғана 120 млн. доллар инвестиция салмақ. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар тапшылығы мәселесін шешуге көмектесіп, осылайша өндірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. «Көк жон» тау кенін игеру «Еурохим» компаниясының шикізат бойынша стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқармақ. Бүгінде компания фосфор тыңайтқыштарын өндірудегі шикізат сұранысының 75 пайызын қамтамасыз етіп отыр және де қор базасын алдағы уақытта арттыра түсуге ниетті.