Еурокомиссарлар Украинаға «Еуро-2012» ойындарына келмейтін болды

деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Бұл туралы еурокомиссар Андрулла Василиу мәлім етті.

«Мен спортқа жауап беретін еуропалық комиссар ретінде бұл алаңдаушылықтарды бөлісемін және бұл жағдайда Украина өткізетін кез келген спорт шараларына қатысу қажет емес деп шештім. Менің пікірімді Еурокомиссияның төрағасы және басқа да мүшелері қолдап отыр», - деді Василиу өз мәлімдемесінде.

«Сонымен қатар «Еуро-2012» спорттық шараларының мәнін сақтау қажет екендігін» атап өтті және «Бұл футбол турнирінің ойдағыдай өтетініне сенемін, сондықтан да Польша аумағында өтетін жарыстарды барып көргім келеді», деді ол.

Сондай-ақ Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс, ГФР канцлері Ангела Меркель Украинадағы чемпионатқа қатыспайтындығын мәлім етті.

Мұның алдында Польшадағы «Құқық және әділеттілік» атты ірі оппозициялық партия төрағасы Ярослав Качиньский де «Еуро-2012» футболдан Еуропа чемпионатының украиндық бөлігіне байкот жариялауға шақырды.

Еуро-2012 маусым айында Украина мен Польшада өтпек. Біріншілік матчтары украиндық төрт қалада - Киевте, Харьковта, Донецкіде, Львовта және Польшаның Варшава, Гданьск, Вроцлав, Познань қалаларында өтуі жоспарланған.