Еурокомиссия Қазақстандағы адам құқығы саласындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін 2 есе ұлғайтпақшы

А.Бектің айтуынша, Еурокомиссия биыл Қазақстандағы адам құқығы мен демократияландыру бағытындағы жобаларды жүзеге асырушы 25 үкіметтік емес ұйымға қолдау көрсетеді. Еурокомиссия қаржыландыратын жобалардың жалпы құны 800 мың евроны құрайды. Ал бұл бағдарламалар бойынша 2006-жылғы қаржыландыру көлемі 1,5 млн. евроға жетпек.

А.Бектің айтуынша, Еурокомиссия "демократияландыруды да, Қазақстан экономикасын ырықсыздандыру мақсаттарын да қолдайды".
Оның ақпаратына жүгінсек, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 2003-жылғымен салыстырғанда 2004-жылы 53 процентке өсті. "Қазіргі жағдаймен бұл көлем 8,5 млрд. евроны құрап отыр",- деді А.Бек. Еуропалық Одақ сонымен бірге Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. "Қазақстанға келетін тікелей инвестициялардың 40 проценті Еуропалық одақтың үлесінде",- деді Еурокомиссия өкілі.