"Министр Қазақстан Республикасы президентінің жолдауында көрсетілгендей "Еуропаға апарар жол" атты бағдарлама әзірлемек екендігін хабарлады. Осыған байланысты Қазақстанға Еуропалық стандарттар бойынша орны толтырылатын қуат көздерін дамытуға, Солярлық орталық құру, сонымен қатар Германия тәжірибесінің негізінде экологиялық салық енгізуге қатысты Еуропалық комиссияның көмегі қажет",- деп айтылған таратылған баспасөз баянында.
Сонымен қатар, кездесу барысында Орта Азияның аймақтық экологиялық орталығының іс-қызметіне байланысты мәселелер де қарастырылған. "Қазақстан жағы аталмыш ұйымның Қазақстан үшін де, жалпы аймақ үшін де маңызды екендігін атап көрсетті. Еуропалық комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінің басшысы Адриаан ван дер Меер Германия Федералдық Республикасының, Норвегия мен Нидерландия үкіметтерін Орта Азияның аймақтық экологиялық орталығының құрылтайшылары қатарына қосылуға ниет танытып отырғандықтары туралы хабарлап, Қазақстан тарапынан қолдау табатындығына үмітін білдірді",- деп атап көрсетілген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстанның табиғатты қорғау мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қоршаған ораты қорғау министрлерінің келесі пан-еуропалық конференциясын өткізуге дайын екендігі туралы мәлім етті. Ол сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Қазақстанда 2010 жылы Азия - Тынық мұхиты аймағының тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау министрлерінің алтыншы конференциясын өткізу жоспарланып отырғандығы туралы хабардар етті, деп көрсетілген баспасөз баянында.