Еурокомиссия Қырғызстанға жаңа көмек ретінде 9 млн еуро бөледі

"Еурокомиссия бұл қаржыны "секторлық саясаттағы әлеуметтік қорғауды қолдап, 2004-2009 жылдары мемлекеттік қаржыны басқару" бағдарламасы аясында көмек ретінде ұсынып отыр. Сондай-ақ, қаржыны әлеуметтік жәрдемақы жүйесін жетілдіру, балалардың денсаулығын сақтау, мемлекеттік бюджетті басқаруды жақсартуға, қысқа мерзімді мемлекеттік кепілдік бағдарламасын іске асыруға пайдалану жоспарланған", -деп хабарлайды өкілдіктегілер.

Өкілдіктің мәлімдегеніндей, 9 млн еуроның 8,5 млн бюджетті қолдауға жұмсалса, 500 мыңы-техникалық көмекке бөлінеді. Бұл Еурокомиссия мен Қырғызстан Республикасының үкіметі арасында қол қойылған қаржылық келісімде қарастырылған. Мемлекеттік бюджет бойынша грант 2008 жылы 4,5 және 4 млн еуро болып екіге бөлініп беріледі.

Секторлық саясатты қолдау жөніндегі бағдарлама Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлады Еурокомиссияның өкілдігі.