Caravan Logo

Еурокомиссияның вице-президенті Астананың Еуропаның көршілік саясатына бірігу ниетін қолдайды

Еурокомиссияның вице-президенті Астананың Еуропаның  көршілік саясатына бірігу ниетін қолдайды

Еурокомиссияның вице-президенті қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы ретінде Еуропалық Одақтың өңірдегі айрықша маңызды әріптесі болып табылады, деп атап өтті.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасына Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шешуші тұстарымен, сондай-ақ, еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатымен таныстырды.

Осыған байланысты Г.Ферхойген Еуропалық Одақ пен Қазақстанның экономикалық даму жоспарларының ұқсастығын атап өтті. Оның негізі - инновациялық саясат пен бәсекелестік қабілетті арттыру, деді ол. Еуропалық Одақ Қазақстанмен арадағы кең көлемді ынтымақтастықты одан әрі дамытудан мүдделі екенін комиссар растады.

Еуропалық Одақта 2004-жылы қабылданған көршілік саясат Еуропалық Одаққа интеграциялануға қатыспайтын көрші елдерге арналған. Ол Еуропалық Одақ пен Беларусь, Украина, Молдавия, Грузия, Армения және Әзербайжан секілді 16 елді қамтиды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті