Баспасөз қызметіндегілер, жоба 2005 жылдың қазанында басталып, ұлттық, облыстық және қалалық деңгейде еліміздің барлық аймақтарын қамтығандығын атап өтті.
"Еуроодақ жобасының негізгі тақырыбы мен пікірталасы мемлекеттік қызмет көрсетулерді қалай ыңғайлы және тиімді ету, қызмет көрсету сапасын және мемлекеттік мекемелердегі қарым-қатынас мәдениетін көтеру туралы мәселелер болды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық деңгейде және барлық аймақта сапалы болуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге іс-қызметінің нақты стандарттарын ұсыну және де олардың орындалуын қадағалау қажет.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау жөніндегі іс-шаралар туралы" заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар осындай стандарт әзірлеуге міндетті",- деп түсіндірді Еуропалық комиссия өкілдігіндегілер.
Қазақстан Республикасына аталмыш жоба аясында Еуроодақ елдерінің озық тәжірибелері мен жемісті практикасына негізделген және де жергілікті қажеттіліктерді ескере отырып мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуде көмек көрсетілді.
Бастапқыда Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Салық комитеті және кейбір аймақтық әкімшіліктер сияқты 33 басым мемлекеттік мекемелер стандарттарға қатысты пилоттық нормативтер әзірлеген болатын. Одан кейін алғашқы критерийлер, соның ішінде қоғам пікіріне сауалнама жүргізу мәліметтерінің негізінде қайта өңделіп, түзетілген болатын. Нәтижесінде ортақ стандарт әзірленіп, ол Қазақстанның мемлекеттік қызметтерінде пайдалану үшін мақұлданды, деп айтылған мәтінде.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің барлық аймақтарында, соның ішінде шағын қалалар мен ауылдарда осы стандарттарды қалай пайдалану қажет және оларға көрсетіліп отырған қызметтің сапасы мен тиімділігін қалай бағалау қажет екендігін түсіндіру мақсатында бірқатар сараптама семинарлар жүргізілген.
Жоба Астана мен Алматының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына көмек болған. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің директоры Серік Қапаровтың айтуынша, іс-қызмет стандарттарын енгізу мемлекеттік мекемелер азаматтардың мұқтаждықтарын ұғынып, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен жауаптылығын жақсартуға мүмкіндік береді.