"Жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша Қазақстан жоғары білім сапасын көтеру және жоғары оқу ордаларын халықаралық аккредитацияға дайындау мәселелері бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы сарапшылардың кеңесін алады",-деді Б.Әйтімова.
"Жобаны ТАСИС бағдарламасы бойынша толығымен Еуропалық одақ қаржыландырады, оның бюджеті шамамен $650 мың", деп атап өтті министр.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда білім саласында жаңа сапа мониторингі жасалады.Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын аккредитациялайтын қоғамдық және тәуелсіз орган құру жоспарда бар.
Жалпы, ЕО елшісі -Қазақстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы Адриан ван дер Меердің айтуынша, 1995 жылдан бері Қазақстан ЕО бірлесе отырып білім саласында 22 жобаны жүзеге асырды,олардың жалпы бюджеті 8,8 млн. евроны құрайды. "Келесі жылы біз осы салаға 1 млн. евро жұмсауды көздеп отырмыз",-деді А.ван дер Меер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті