Қырғызстан сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевтың айтуынша, оның ЕО елдеріне сапары барысында бұл тақырып ресми тұлғалармен, соның ішінде ЕО кеңесінің бас хатшысы Хавьер Соланамен кездесуде белсенді талқыланды.
"Бұл құрылым Орталық Азия республикаларын су ресурстарын басқару мәселелерінде өзара біріктіру тетігіне айналады дегенді бәрі түсінеді. Бізді қазір Қазақстан мен Тәжікстан президенттері қолдап отыр. Қазір Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі жоба мен сметаны жасауда. Ал биржаға қатысты мәселе талқыланып жатыр ", - деді Эднан Қарабаев.