Енді еуропалық және ресейлік компаниялар бірлесіп мұнай өндіре де барлай да алмайды. Сондай-ақ, Ресейдің қорғаныс саласындағы 9 компанияға Еуропаға тауар жеткізуге тыйым салынды. Олардың қатарында атақты "Калашников концерні" де бар. Банктерге несие алуға да шектеу қойылды. Еуроодақтың қаһарына "Роснефть", "Транснефть", "Газпром нефть" сынды Ресейдің алпауыттары да ілігіп отыр. «Украинаның тәуелсіздігіне қол сұқты» деген айыппен Ресейге бұған дейін де санкциялар салынған. Сарапшылар Батыстың бұл шектеулері көпке ұзамай Ресей экономикасына кері әсер ете бастайды дейді. Тіпті изоляция ұзаққа созылса, тұтас экономиканы тұралатып тастауы да мүмкін. Дегенмен Кремль Еуроодақты есеңгірететін лайықты жауап қайтарамыз деп күшке мініп отыр.