ЕуроОдақ Ресейге тағы санкция салмақ


Оған сәйкес, тізімге ілінгендердің Еуропадағы барлық активтеріне шектеу қойылып, өздеріне ЕуроОдақ аумағына кіруге тыйым салынады. Бүгінде бұл тізімде ресейлік белді саясаткерлер мен кәсіпкерлері бар жалпы саны 119 адам кірген. Жаңа тізім санкция күшіне енгенде, яғни осы айдың соңында жарияланбақ. Еуропалық Одақ басшылары Украинаның шығысына сарбаздары мен әскери техникасын әкелуді тоқтатпайынша, Ресейге дипломатиялық және экономикалық қысым жасауды жалғастырған жөн дейді.