У. Рамсейдің пайымдауынша, Ресейдің "Газпром" компаниясы сол уақытқа дейін Еуропалық Одақтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыра алмайды.
Ал "Газпром" компаниясы болса, ХЭА өкілінің мәлімдемесіне күдікпен қарайды. "Бір барлық келісімшарттарда мойнымызға алған міндеттемелерді орындап отырмыз және орындай бермекпіз. Егер Еуропада сұраныс өсетін болса, олар бізбен сөйлессін, әңгімелесеміз", - деді газ монополисінің өкілі.
"Газпром" компаниясының жасаған мәлімдемесіне сүйенсек, компания 2020 жылға қарай 650 - 670 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр. РФ Табиғат министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Ресейдегі газ өндірісі 2020 жылы 800-900 млрд текше метрге дейін ұлғаюы мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, Еуропалық Одақ осыған дейін де бірнеше мәрте "Газпром" компаниясының болашақта газға деген шетелдік сұранысты қанағаттандыра алатынына күдік келтірген. Еуропалық Одақ Ресейдегі газ өндіру көлемінің азайғанына және газ өндірісі саласына инвестицияның жетіспеушілігіне сілтеме жасаған.
Ресей Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Ресейдегі табиғи газ өндірісі былтыр 2006 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеп, 651 млрд текше метрді құраған.
Еуропалық Одаққа газ тасымалдау бүкіл Ресейдің газ экспортының 84,8% немесе Еуроодақ аумағында тұтынылатын газдың 26,3% құрайды. Ресей компрессор станцияларының жанармай газын қоса есептегенде 450 млрд текше метр газ тұтынады. Ал Еуропа болса (бұрынғы Кеңестер Одағының мемлекеттерін есептемегенде) - шамамен 520 млрд текше метр газды пайдаланады.