Еуропа Лигасы матчындағы «Ақтөбе» мен киевтік «Динамо» ойыншыларының құрамы жарияланды

Ойынның алғашқы минуттарынан Сидельников (қақпашы), Мулдаров, Бадло (капитан), Арзуманян, Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе, Давыдов және Гейнрих қатысады.

Өз кезегінде «Динамо» бас жаттықтырушысы Олег Блохин мына футболшыларды ойынға шығарады: Шовковский (қақпашы және капитан), Вида, Драгович, Тремулинас, Хачериди, Вукоевич, Аруна, Ярмоленко, Бельханда, Дуду және Идейе.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өтетін матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде KazSport және "Қазақстан" телеарналары көрсетеді.


Бұған қосарымыз, жауап ойын 29 тамызда Киевте «Олимпийский» Ұлттық спорт кешенінде өтеді. Атап өтерлігі, бұл матч жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. УЕФА-ның Тәртіптік комитеті осындай шешім қабылдады.