Еуропа Лигасының плей-офф сынында «Ақтөбе» Голландияның «АЗ» командасын жеңді

Ақтөбе қаласында өткен матч тартысты өтті. Жергілікті қазақстандық клубтың футболшылары «АЗ» қақпасына гол соғатын бірнеше мүмкіндік болғанымен, есепті бұдан ары еселетуге шамасы жетпеді. Қақпашы Дидулица мен гол соғу мүмкіндіктерін тиімді пайдаланбаудың арқасында ойын тек 2:1 есебімен аяқталды. Бұл «Ақтөбенің» келесі кезеңге шығуына жеткіліксіз есеп. Себебі ақтөбеліктер бұның алдында Голландияның Алкмаар стадионында өткен алғашқы матчта 2:0 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

«Ақтөбе» сапынан Мұрат Тілешев екі мәрте көзге түсті. Ал қарсыластар жағынан Понтус Вернблом гол соқты.