Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» матчтарының күнтізбесі белгілі болды

Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» матчтарының күнтізбесі белгілі болды.

15 қыркүйек күні - АПОЭЛ - «Астана»;

29 қыркүйек - «Астана» - «Янг Бойз»;

20 қазан - «Олимпиакос» - «Астана»;

3 қараша - «Астана» - «Олимпиакос»;

24 қараша - «Астана» - АПОЭЛ;

8 желтоқсан - «Янг Бойз» - «Астана».

Айта кеткен жөн, астаналық клуб Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтті. Еуропа лигасының плей-офф сынында «Астана» мен БАТЭ арасындағы қарымта кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. «Астана Аренада» өткен алғашқы матчта 2:0 есебімен қазақстандық команда басым түскен еді.

Кешегі жеребе тастаудың нәтижесі бойынша, топтық кезеңдегі «Астананың» келесі қарсыластары - грекиялық «Олимпиакос», кипрлік АПОЭЛ және швейцариялық «Янг Бойс» екені анықталды.


Өткен жылы УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» футбол клубы кипрлік «АПОЭЛ» клубымен кездесіп, «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған еді.