Еуропа мен Орталық Азия пандемия ошағында тұр - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 таралу қарқыны бойынша Еуропа мен Орталық Азияның кез келген елінде рекорд орнауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай үрейлі дерек БҰҰ сайтында жазылған көрінеді.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, 25-31 қазан аралығында Еуропа мен Орталық Азияда 1,8 миллион жаңа дерек тіркелген, 24 мың адам қайтыс болған. Өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өсуі сәйкесінше 6 және 12 пайызға жеткен. Сонымен қатар, Еуропа мен Орталық Азия әлемдегі барлық жағдайдың 59 пайызын және барлық өлім-жітімнің 48 пайызы болып отыр.

Loading...

"Еуропада тағы бір толқын өтіп жатыр, бір жыл бұрынғыдай пандемия ошағында тұр. Бірақ бізде қазір тәжірибе бар. Қолымызда халықтың жағдайын жеңілдететін құралдар көп", - деді ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клуге.

Аймақта COVID-19-ға шалдыққандары ауруханаға жатқызу бір апта ішінде екі есе өсті. Клугенің айтуынша, инфекцияның қазіргі таралу қарқыны сақталса, ақпанға қарай Еуропа мен Орталық Азияның 43 елінің Денсаулық сақтау жүйесі науқастардың көбейгеніне төтеп бере алмауы мүмкін. Сондай-ақ, оның айтуынша, аурудың өсуі екі факторға байланысты - вакцинациямен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмау және карантиннің әлсіреуі.


©REUTERS

"Барлық жаста аурудың көбейгенін көріп отырмыз, бірақ ең бастысы егде жастағылардың жұқтыруы алаңдатады, өйткені бұл топтағыларда асқынып, COVID-19-дан өлу қаупі жоғарылайды. Қазір барлық өлімнің 75 пайызы 65 жастан асқан адамдарда болып отыр"

ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы тұмау маусымы жақындап қалғанын еске салып, оның қауіпі туралы ескертті. Сарапшылардың бағалауы бойынша, егер әлем елдері қосымша шаралар қабылдамаса, келесі жылдың 1 ақпанына қарай Еуропа мен Орталық Азияда тағы жарты миллион адам қайтыс болуы мүмкін.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс әлемде COVID-19 инфекциясы мен өлім-жітімінің саны екі айда алғаш рет артып келе жатқанын, пандемия аяқталмағанын еске салған еді.