Еуропа қайта құру және даму банкі 2007 жылы Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға 700 млн. евро бөледі

Мемлекет басшысы "Еуропалық қайта құру және даму банкі 2007 жылы Қазақстандағы жобаларды 700 млн. евро көлемінде қаржыландырады, соның ішінде инвестицияның 80% жеке секторларға жұмсалады" - деді.

Президент Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жобалар арасында Ақтау теңіз айлағын кеңейту жөніндегі жобаны атап өтті.

Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы жұмысы барысында 80 аса инвестициялық жобаларды қаржыландырған. Қазіргі уақытта инвестицияның 73% жеке секторларды қаржыландыруға жұмсалуда, ал 23% - үкімет пен мемлекеттік кәсіпорындарға қарызға беріледі. Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы инвестициясының негізгі үлесі банк секторларына, көлік, байланыс, коммуникация салаларына тиесілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті