Еуропа қайта құру және даму банкі Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі техника-экономикалық негіздемені әзірлеуге грант бөлмекші

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Астана қалалық әкімшілігінің өкілдері Еуропалық қайта құру және даму банкінің шақыруымен 2-4-наурыз күндері Лондонда болды. Сапардың мақсаты - Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе жүзеге асырылатын жобаларды талқылау, қаладағы көлік қозғалысы мен коммуналдық қызметтердің жұмысын реттеу жөніндегі Ұлыбританияның тәжірибесін зерттеу үшін Лондон қаласы мен оның аудандарының муниципалдық қызметтерімен кездесулер өткізу болып табылады.