Еуропа жұрты қалың қардың астында қалды


Қауіптің еселенуінен қорыққан жергілікті билік қазір жұртқа жеке көлікпен көшеге шығуға тыйым салынды. Болжамдарға қарағанда, Еуропаға жеткен суық әлі бірер аптаға тұрақтайды. Сондықтан мұнда соңғы 10 жылда тіркелмеген аяз болуы мүмкін. Сондай-ақ ауа райының тосын құбылысы Америка құлығын да әбігерге салуда. Мұнда Дакота бастаған АҚШ-тың бірнеше штатында үскірік жүруде. Сағатына 112 шақырым жылдамдықпен соққан жел жаппай малдың қырылуына ұласып жатыр. Әзірге фермерлер шығыны 1,5 миллионға долларға жетіпті.