Еуропада бірқатар наразылық акциялары өтті

Бельгия және Португалияда жаппай ереуілдер болды, соның салдарынан жүздеген ұшақ пен поездар тоқтап қалды.

Мадридте полиция наразылық акциясын басу үшін резина оқ пайдалануға мәжбүр болды. 80-нен астам адам қамауға алынды.
Грекия, Италия, Франция және Польшада кәсіподақ мүшелері ереуілге шыққан.
Милан және Туринде шеруге шыққандардың тәртіп сақшыларымен қақтығысуы салдарынан полицияның алты қызметкері жарақат алған.
Францияда 5,2 мың манифестант Париждің көшелеріне шықты, олар "Қатаң үнемдеу шараларына қарсымыз. Еуропада жұмыс орындары жабылмасын" деген жазулары бар плакаттарды алып шықты.
Наразылық акцияларын бастап берген Еуропалық кәсіподақтар конфедерациясы.