Қалың қарда тіпті Румыния астанасынан Барселонаға бет алған ұшақ әуежайда апатқа ұшырады. Дер кезінде тоқтай алмаған әуе кемесінің дөңгелегі омбы қарға тірелген соң ғана тоқтапты. Ішінде болған 116 жолаушы дін аман. Ал көршілес орналасқан Болгарияның ірі тас жолдары жаңбырдан соң көктайғаққа айналған. Сондықтан ең негізгі деген күрежолдар барлық көлік түрлеріне жабық. Сербиядағы жағдай да мәз емес. Электр сымдары мұз салмағын көтере алмай үзіліп кеткен. Сондықтан мыңдаған абонент қазірше жарықсыз отыр.
Loading...