Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен ТМД Қазақстанға 1 мыңдай бақылаушыларын жібереді

"Біздің күтуімізше, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы ұзақ мерзімді 36, қысқа мерзімді 400 бақылушысын жібереді деп сенеміз. ТМД елдерінің миссиясынан да осынша бақылаушы күтіп отырмыз",- деді Т.Охлопкова.

Ол Қазақстанның сайлау заңнамасына сәйкес, президент сайлауына қатысатын халықаралық бақылаушыларды аккредитациялау шарасы 12-қыркүйекте басталып, 28-қарашада аяқталатынын еске салды.
Т.Охлопкова аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін "қандайбір түсініспеушіліктің туындамауы үшін" халықаралық және қазақстандық бақылаушылармен тығыз ынтымақтастыққа шақырды. Осыған байланысты Т.Охлопкова Орталық сайлау комиссиясы "сайлау процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бар күшін салатынын" атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 2004-жылғы парламент сайлауы барысында дауыс санау қорытындысы бойынша бақылаушыларға хаттамалардың берілмеуіне байланысты "сайлау комиссияларының атына қатаң сын айтылғанын" еске сала кетті. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі әкімдерден барлық сайлау комиссияларын көшіру техникаларымен қамтамасыз етуді өтінді.