Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы Қазақстан өзіне жүктеп алатын жауапкершілікті ұғынады



"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы Қазақстан өзінің қарқынды экономикалық және саяси жаңалауға
бет алғанын, халықаралық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында жауапты әрі сындарлы саясат ұстанатынын паш етеді",- деді Р.Әлиев.
"Біз бірінші кезекте ұйымның мүддесін басшылыққа алып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бүкіл кеңістігінде оның стандарттарын қатаң қорғайтын боламыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті