Жуырда Ұлыбританиялық Джон Клейтон мен Болгария азаматы Семеон Апостолов Шымкентке келді. Олар облыстық және қалалық сайлау комиссияларының жұмысымен танысып, үгіт материалдары орналасқан жерлер мен жалпыхалықтық шаралар өткізілетін орындармен танысты. Ал Шымкентте үгіт материалдары 46 жерде орналасқан.
Халықаралық бақылаушылар қандайбір ескерту жасаған жоқ. Олар кеше облыс аудандарын аралауға шықты. Бақылаушылар бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының ең шалғай Созақ ауданын аралауда.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті