Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді

Сапар барысында Ұйым төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиевамен, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен, сондай-ақ, еліміздегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.

Сапар аясында Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы арасындағы әскери-саяси, экономика және экология, Ұйымның адамдық өлшемі саласындағы ынтымақтастығына қатысты көкейкесті мәселелер сараланбақ.
"Бұл сапар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының Орталық Азиядағы іс-қызетіне қосымша серпін береді",- деп атап көрсетті ҚР СІМ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасының ресми сапары 2003-жылдың ақпан айына белгіленген болатын, алайда Ирак төңірегіндегі ахуалға байланысты сапар мерзімі кейінге шегерілді.