Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы мәжілістің сайлау науқаны туралы аралық баяндамалар дайындауды жоспарлап отыр

"Бақылаушылар үшін ең маңыздысы сайлау күні емес, сайлауа дейін және сайлаудан кейін болатын оқиғалар",- дейді Р.Бэрри. Осыған байланысты оның айтуынша, Қазақстанның әр түкпіріне аттанатын миссия өкілдері "жағдайдан толыққанды хабардар болу үшін" саяси партиялардың өкілдерімен, депутаттықтан үміткерлермен кездеседі.

Миссияның алғашқы тұжырымы 16-тамыз, дүйсенбіде Алматыда өтетін баспасөз мәслихатында жария етіледі. Алдағы уақытта Р.Бэрридің айтуынша, сайлау науқанына қатысты аралық баяндамалар 26-тиамызда және 9-қыркүйекте ортаға салынады. Сайлау өте, 20-қыркүйекте миссия Астанада баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.