Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоғары лауазымды өкілдері биылғы күзде Қазақстанға ресми сапармен келуді жоспарлап отыр

Оның айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі басшысының Орталық Азиядағы жеке өкілі Мартти Ахтисаари мен ұйымның ұлттық азшылдықтар жөніндегі Бас комиссары Рольф Экеустің Қазақстанға ресми сапары қазан-қараша айларына белгіленген. Сапар аясында ұйым өкілдерінің мемлекет басшысымен жүздесуі жоспарланған бұл іссапардың нақты мерзімі қазір келісілу үстінде.

Атап айтсақ, Қазақстанға жасайтын ресми сапары барысында Р.Экеус жалпы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кеңістігіндегі этносаралық қарым-қатынасқа қатысты ахуал мен аталмыш ұйымның Қазақстанмен арадағы адам құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері сарапқа салынады.